Мерекелік шаралар » Кеген ауданының «Қарабұлақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы
Райымбек ауданы білім бөлімінің
"Қарабұлақ жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
май
2017

Мерекелік шаралар

1-жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар!
2-жүргізуші: 1 мамыр – Халықтар бірлігі мерекесіне арналған «Достық әнін шырқайық!» атты сазды бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер!
1-жүргізуші: Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.
2-жүргізуші: Бұл күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.
1-жүргізуші: Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау – Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.
2-жүргізуші: Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – барша қазақстандықтардың борышы.
1-жүргізуші: Баршаңызды 1 мамыр – Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
2-жүргізуші: Баршаңызға, әр отбасына береке-бірлік, бақыт-байлық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
1-жүргізуші: Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз молшылыққа, ал әрбір шаңырақ шаттық пен бақытқа кенелсін!
1,2-жүргізуші: МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
1-жүргізуші: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
2-жүргізуші: Тілі бөлек болғанымен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
1-жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай.Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен.
2-жүргізуші: Кең байтақ елімізді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарып отырса, біздің білім ордамыздың ұйытқысын келтіріп отырған бәріміздің басшымыз Нугыманов Алмас ағайымыз. Ендеше, ағай, көпшілікке деген жүрекжарды ақ тілегіңізді білдіру үшін өзіңізді ортаға шақырамыз
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
1-жүргізуші: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мың тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.
2-жүргізуші: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.
1-жүргізуші: Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 20 жыл толғалы отыр. Бұл – қажырлы еңбектің, төзімділік пен жеңістің 20 жылы. Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді.
2-жүргізуші: Алғашқы кезекті өзіміздің ұлттық дәмімізді ұсынатын, ұлттық биімізді шашу ретінде жолдайтын өз ұлтымыздың өкілдеріне алғашқы сөз кезегін береміз. ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
1-жүргізуші: Мерекелік құттықтау сөз кезегі ардагер-ұстаз Түркістан Асылбек ағайға беріледі.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
1-жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бүгінгі таңда елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Біздің мерекелік шарамызға да әр ұлт өкілдерінен қонақтар келген екен .
2-жүргізуші: 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
1-жүргізуші: Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
2-жүргізуші: Ортақ бізге бір Отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
1-жүргізуші: Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,- дей отырып, Орыс мәдени орталығына кезек береміз.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
1-жүргізуші: Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған!
2-жүргізуші: Кезек Өзбек мәдени орталығына береміз.

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
2-жүргізуші: Жер-Ана бәрімізге ортақ. Осынау сахара кең қазақ даласында көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті ынтымақта, бауырластықта өмір кешуде.
1-жүргізуші: Қазақ жері ортақ Отан, ортақ өлке болып, әр азаматтың мекеніне айналған. Келесі кезекті қырғыз мәдени орталығының өкілдеріне береміз.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
1-жүргізуші: Ағайын-туған – бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық!
2-жүргізуші: Ортаға көршілес түркмен мәдени орталығының өкілдерін шақырамыз.

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

1-жүргізуші: Қайсарлығы қара тасты үгіткен,
Қаһарынан қас дұшпаны үріккен.
Қайырымдылығы тас жүректі жібіткен,
Арғы тегі Алаштан тараған,
Керегесін ағаштан құраған елміз!
2-жүргізуші: Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз!
1-жүргізуші: Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қорған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мекенде жусанының жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз!
2-жүргізуші: Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты еті түгілі сүйегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарап анталап тұрған жаудың алысқанының аузына ұрып, жұлысқанының жұлынын жұлып бір-ақ тоқтаған қазақпыз!
1-жүргізуші: Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!
2-жүргізуші: Хор: «Қазақстаным менің!»
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
1-жүргізуші: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет.Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.
2-жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!
1-жүргізуші: Ендеше, бейбітшілік жасасын!
2-жүргізуші: Ынтымақтастық жасасын!
1-жүргізуші: Қазақстан жасасын!
2-жүргізуші: 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні жасасын!
1-жүргізуші: Осымен, бүгінгі «Достық әнін жырлайық!» атты мерекелік бағдарламамызды аяқтаймыз.
2-жүргізуші: Келесі кезекте ұлттық ойындарға кезек береміз
1 жүргізуші: Ұлттық ойындар да өз мәресіне жетті жеңімпаздарды марапаттау мектеп директорының тәрбие орынбасары Қыдырқожаев Бекұлан ағайға беріледі.
1,2-жүргізуші: Сау саламатта болыңыздар!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив